22.06.2021 _ 11:50

Ақтөбе облысы экономиканың тұрақты өсімін көрсетуде

Жыл басынан бері экономикалық өсу қарқынының кезең-кезеңімен қалпына келуі байқалады. 5 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қамтамасыз етілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хабарлады.

«Жалпы көрсеткіш, 108,1% болса, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 112,1%, тау-кен өнеркәсібі – 105,9%. Ауыл шаруашылығы өсімінің қарқыны - 102,1%, инвестиция – 109,6%, құрылыс – 101,3%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 106,5% құрады. Көтерме сауда өсімі 6,5%, бөлшек сауда 2,1% қамтамасыз етілген. Алайда, жаппай індет кезіндегі шектеулердің себебінен «Көлік және қойма» саласында әлі де төмендеу байқалады, мұнда физикалық көлем индексі 95,1% құрады. Бұл пандемияға орай шектеу шараларына тікелей байланысты», - деді облыс әкімі. 


5 айдың қорытындысы бойынша инфляция орташа республикалық көрсеткішінен 103,3 төмен пайызды (ҚР – 103,5%) құрады.