22.06.2021 _ 11:40

Халықты вакцинациялау мәселесі ерекше бақылауда - Ақтөбе облысының әкімі

Бүгінде Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңір «жасыл аймақта» орналасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Оңдасын Оразалин мәлім етті.

Пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясының 11600 жағдайы тіркеліп, 1100 науқас жазылып шықты. Өкінішке орай, жыл басынан бері 160 адам қайтыс болды. 


«Өңірдегі аурухана төсектерінің жүктемесі 37%, оның ішінде реанимациялық төсек-орын - 17% құрайды. Халықты вакцинациялау мәселесі өзекті. Осы жылдың ақпан айынан бастап облыс 265 мыңнан аса мөлшерде вакцина алды. Бүгінде бірінші компонентпен 110 мыңнан астам, екінші компонентпен 65 мың адам егілді», - деді әкім.