22.06.2021 _ 15:50

Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды – Ә.Мағауов

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елімізде жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, министрлік бағаны нарық реттейді деген ұстанымда.
Жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды – Ә.Мағауов


«Біз өз тарапымыздан нарыққа бензин мен дизельді жеткілікті көлемде жеткізіп жатырмыз. Ешқандай тапшылық болмауы үшін барлық шаралар қабылдануда. Біріншіден, жыл басынан бері экспорт тоқтатылды, екіншіден, сәуір айынан бастап, жанар-жағармайды автокөлікпен шығару тоқтатылды. Сонымен қатар, мұнай өңдеу зауыттарын жөндеуді жалғастырып, қорларды ұлғайттық. Бұл шаралар нәтижесін берді деп ойлаймыз», - деді вице-министр.