22.06.2021 _ 16:00

Түркістан облысына мұнай өнімдерін жөнелту көлемі артты-ЭМ

«Түркістан облысының шалғай аудандарында дизель отыны мүлдем сатылмайды. Ал кей жерлерде 300 теңгеге дейін қымбаттады. Сұйытылған газ он күн бойы тек талон арқылы сатылады. Бұл жағдай министрліктің бақылауында ма?»,- деп сұрады журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың айтуынша, жағдай бірнеше күннен кейін тұрақтанады.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

«Қазіргі уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауытында күніне кемінде 6-6,5 мың тонна дизель отыны өндіріледі. Бірақ өткен 3-4 күн ішінде жөнелту жұмыстары қарқынды жүргізілген жоқ. Тұтынушыларға дизель отыны көлемінің 50% - ы ғана жеткізілді. Кешеден бері жүк тасымалдау көлемі артты»,-деді вице-министр. 


Ақпарат бойынша, 6,5 мың тонна дизель отыны тиелген, оның 1,2 мың тоннасы Шымкент мұнай базасына келіп түскен, содан кейін көлік автожанармай құю станцияларына жөнелтіледі.