23.06.2021 _ 16:00

Конституциялық құқықтар бұзылып жатқан жоқ. Біз азаматтардың денсаулығын сақтауға тырысудамыз – Е. Тоғжанов COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинация туралы

Ұсынылып отырған міндетті вакцинация іс жүзінде вакцинацияланбаған адамдар дискриминациясына әкеледі деген пікір бар. Осыған қатысты не айтасыз? Бұл вакцинация паспорттарын, ПТР тесттерді және т.б. қолдан жасаудың өсуіне себеп болады деп ойламайсыз ба?
иллюстративное фото с сайта inbusiness.kz


Журналистердің сұрақтарына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. Оның айтуынша, мұндай мәселе жаңашылдықтар енгізілгенде пайда болады. 


«Бұл мәселе ұдайы көтеріледі. Біз ПТР-тесттерді енгізген кезде де конституциялық құқықтар мәселесі көтерілді, бірақ, бірінші кезекте, Конституцияның 29-бабы бойынша еске салып өтейін, біз азаматтарымыздың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз! Сондықтан, қабылданып жатқан бұл шаралар барлық азаматтарға емес, тек қызмет көрсету саласына ғана: күн сайын көптеген азаматтармен байланысатын адамдарға қатысты, дәл осы санаттағы адамдар қызмет алуға келгендерге үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Қызмет көрсету саласы - үлкен бағыт. Бұл бір жағынан ШОБ-қа да қатысты, яғни олардың жұмысы тоқтамайды, «Атамекен» ҰКП мен бизнес тарапынан да үлкен өтініш болды, біз оларды қолдадық. Сондықтан осындай шешім қабылданды. Бұл жерде мен конституциялық құқықтардың бұзылуын көріп отырған жоқпын, оның үстіне, біз таңдауға мүмкіндік береміз. Егер қарсы көрсетілімдер болса, бас тартатын адамдардың санаты бар, онда олар ПТР-тест тапсыруы тиіс. Біз нақты қауіп төндіруге жол бере алмаймыз, әсіресе Үндістан мен көрші елдерде болып жатқан жағдайларды ескерсек, біз азаматтарымыздың денсаулығына қатер төндіре алмаймыз», - деді вице-премьер Үкіметтің ұстанымын жеткізе отырып. 


Вакцинация паспорттарын қолдан жасауға келетін болсақ, Тоғжанов мұндай алаяқтарға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын жеткізді. Бұл мәселе министрлер кабинеті мен құқық қорғау органдарының бақылауында.