24.06.2021 _ 11:50

Вакцинация бойынша Шымкент көш басында

Вакциналауға жататын тұрғындарының 44 пайызы екпе алды. Ел бойынша егу көрсеткіші бойынша Шымкент көш бастап тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Иммундау шарасынан өткендердің басым бөлігі педагогтар. 239 506 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 141 328-і екінші компонентін алды.
фото с сайта freepik.com



Ресми мәліметтерге сәйкес, қалада 40 астам егу пункті және 20 аса жылжымалы егу пункті жұмыс істейді.  


«Шымкентте жыл басынан бүгінге дейін 7 228 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6829 адам емделіп шықты, өкінішке орай 157 адам қайтыс болды. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен және қолдауымен, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасы біршама нығайтылды. Осы мақсатта екі жылда 13,1 млрд теңге қарастырылды. 14 157 медицина қызметкері оқытылды», - деді қала басшысы. 


Қазір стационарларда дайын төсек-орынның 25% адам бар немесе 327 адам ем алып жатыр.