25.06.2021 _ 11:30

Алматыда 226 мың адам толық вакцинацияланды

Маусым айының басында эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен, қазір Үндістаннан «Дельта» штаммының келуіне байланысты күрделеніп барады Алматыда былтырдан бері 72 979 науқас тіркелді. Ай басында тәулігіне вирус жұқтырғандар саны 100-ден төмен болса, қазіргі кезде 181 науқас тіркелуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Бүгінде науқастарды емдеу үшін қалада 7011 төсек-орын дайындалды. Жағдай тұрақтанған кезде бұл көрсеткіш 1730 дейін төмендетілді, бүгінде оның 33% қолданылуда. Жалпы, барлық салалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 23 маусымдағы жағдай бойынша репродуктивті өлшем ай басында 1-ден төмен болса, қазір 1,12 жетті», - деді әкім. 


Сонымен қатар, халықтың егілуге тиіс бөлігінің 37% 1-ші компонентпен қамтылды, 403 мың адам егілді. 226 мың адам толық вакцинацияланды.