29.06.2021 _ 16:10

Шетелдік студенттерді бейімдеу үдерісінде қызметкерлеріміздің тәжірибесі мол – ХБК ректоры

Шетелдік студенттердің қазақстандық жағдайларға бейімделуі - көп қырлы үдеріс. Ол «жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуді, жаңа климаттық жағдайларға, уақытқа, жаңа білім беру жүйесіне, жаңа қарым-қатынас тіліне, оқу топтарының интернационалдық сипатына бейімделуді, жаңа елдің мәдениетіне бейімделуді» қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына берген жауабында Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова мәлімдеді.
фото с сайта freepik.com

«Бұл бағыттағы тәжірибеміз мол. Бұрынғы оқу орындарында да шетелдік студенттер оқыған. Қазіргі ұтқырлық бағдарламасы бойынша да студенттер келіп оқиды. Бүгінде ЖОО-да 69 шетел азаматы білім алуда. Бұл студенттер тарапынан туындаған мәселелерді уақытылы әрі жедел шешуге мүмкіндігіміз бар. Ол үшін арнайы бөлімдер ашылды - Халықаралық кеңсе мен Әлеуметтік даму департаменті. Осы бөлімдердің қызметкерлері студенттердің мәселелерін шешіп беруге әрдайым дайын», - деді М.Имандосова өз жауабында.