29.06.2021 _ 16:30

Халықаралық білім беру корпорациясы талапкер-отандастарға арналған байқаудың басталғанын жариялады

Халықаралық білім беру корпорациясы талапкер-отандастарға арналған «Отанға барар жол» халықаралық байқауының басталғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына берген жауабында Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова мәлімдеді. Байқауға қатысу үшін otan.mok.kz ресми сайтына тіркеліп, онлайн түрде өткізілетін кезеңдерге қатысу керек.

 
«Іріктеу кезеңдерінде байқауға қатысушылар 2 бейне-эссе дайындауы тиіс. Байқаудың соңғы кезеңі 19-25 шілде аралығында онлайн-әңгімелесу түрінде өтеді. Ал 26 шілдеде жеңімпаздар анықталады», - деді оқу орнының ректоры. 


Айта кетейік, байқауға өтінімдер қабылдау 28 маусымда басталды. Байқауға қатысу ережелері сайтта жарияланған.