30.06.2021 _ 14:20

Қазақстанда мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

Энергетика министрлігі мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін әзірледі. Пилоттық жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп биыл іске қосылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халыққа есеп беру кездесуі барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
фото с сайта inform.kz

 
«Бұл ақпараттық жүйенің мәні – мұнай ұңғыдан шыққаннан бері мұнай өндіру компаниясына дайындап, тасымалдау компаниясында және мұнай өндіру зауыттарындағы балансты сақтау. Яғни, мұнай өңдегеннен бастап, қазіргі мұнай өңдеу зауытына дейінгі тізбек қамтамасыз етіледі. Болашақта әр мұнай құю станциясына дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Шараға 7 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қатысуда», - деді Ноғаев. 


Оның айтуынша, бұл өндірілген мұнай балансының ашықтығын қамтамасыз етуге елеулі ұлес қосады.