30.06.2021 _ 14:40

Геологиялық барлау жұмыстарына тартылған инвестиция көлемі 99,6 млрд теңгені құрады

Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдалануға арналған 273 келісімшарт, оның ішінде көмірсутектер бойынша 251 келісімшарт және уран бойынша 22 келісімшарт жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі барысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев хабарлады. Оның айтуынша, 2020 жылы 11 келісімшартқа қол қойылды. Геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция көлемі 99,6 млрд.теңгені құрады.

«Жер қойнауын пайдалану құқығын алу электрондық форматқа ауыстырылды. Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізіліп, осы күнге дейін 2 электрондық аукцион ұйымдастырылды. Нәтижесінде 15 учаске өткізіліп, қол қою бонусының жиынтық сомасы 10,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар 17,1 млрд теңгеге ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырды», - деді министр.  


Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, ғылым мен технологияларды қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, жалпыұлттық ғылыми басымдықтарды ескере отырып, бюджет арқылы өндіру шығындарының 1% мөлшерінде Ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстары жобаларын қаржыландыру жөніндегі келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын жинау мен бөлуді орталықтандыру тапсырылды. Бүгінде Үкімет осы бағытта жұмыстар жүргізуде.