30.06.2021 _ 14:50

Қазақстанда жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары жалғасуда

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы жергілікті қамтуды дамытуға баса назар аударады. 2020 жылдың қорытындылары бойынша көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алудың және уран өндірудің жалпы көлемі шамамен 5,4 трлн теңгені құрады. Соның ішінде 78% Теңізшевройл, Қарашығанақ және Қашаған компанияларына, 15% «Самұрық-Қазына» жүйесіндегі компанияларға тиесілі, қалған 7% басқа компанияларға тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі барысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев хабарлады.
Қазақстанда жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары жалғасуда

«Сонымен қатар, «Шеврон» компаниясы қазақстандық кәсіпорындарға инвестициялау мақсатында жергілікті қамтуды дамытудың Тікелей инвестициялар қорын құрады. Ақпараттық технологияларды дамытуға, экологиялық мәселелерді шешуге және қазақстандық өнеркәсіптерді дамытуға, оларды қолдауға 200 млн доллар жұмсалады. Бүгінде осы бағытта белсенді жұмыстар атқарылуда. Осы саладағы елеулі шаралардың бірі - Халықаралық мұнай-газ машинасын дамыту орталығы. Бұл Теңізшевройл, Қашаған және Қарашығанақ компанияларының бірігіп және қазақстандық машина жасау ассоциациясының, «Қазэнерджи» құрылымдары және бірнеше қоғамдық ұйымның бірігіп жасаған жобасы. Ол да бірінші кезекте үш компанияның тұтынып отырған материалдары, құралдары, көрсетілетін қызметтеріне қазақстандық компанияларды тартуға, оларға қаржылық, әкімшілік және басқа да қолдаулар көрсетуге бағытталған»,- деді министр 


ЭМ мәліметінше, бүгінде сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесі 46% - ды құрады.