01.07.2021 _ 14:30

«Е-өтініш» жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне барынша қатаң түрде қаралды -ЦДИАӨМ

Қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді. Бұл ретте «Е-өтініш» жаңа электрондық платформасы туралы сөз болып отыр.


«Барлық серверлер мен жүйенің өзі Ұлттық ақпараттық технологиялар операторының базасында электрондық үкімет тізбегінде тұр. Барлық деректер сақталады, онда ақпараттық қауіпсіздік мәселелері сақталады, біз, негізінен, заң бойынша көрсететін және жинайтын өтініштер мен мемлекеттік қызметтер шеңберінде жиналатын деректер. Тек аналитика ғана жақсарады, азаматтардың қайта өтініш беруін жеңілдету, ведомстволар арасында жүгірмеу үшін материал ретінде жинап, онлайн режимде сот жүйесіне беруге тырысамыз. Ақпараттық қауіпсіздік және деректер бойынша мәселелер сақталған. Бұл жерде біз барлық шараларды қарастырдық деп ойлаймын», - деп сендірді цифрлық ведомствоның өкілі.