01.07.2021 _ 16:10

Пандемия кезінде жұмыс істеп тұрған ШОБ саны артты - А. Мұхамбетов

2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2% - ға ұлғайды. Қазір 53,4 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оларда 155,8 мың адам еңбек етеді. Бұл туралы аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.



Архимед Мұхамбетов пандемияның теріс әсеріне қарамастан, ШОБ субъектілері шығарылатын өнім көлемін сақтап қалғанын, бұл ШОБ-тың ЖӨӨ-дегі үлесін 2020 жылдың қорытындысы бойынша іс жүзінде 30% - ға жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті. 


«Кәсіпкерлерді қолдау үшін бизнесті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары белсенді іске асырылуда. Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2025» бойынша биыл 6 млрд теңге бөлінді. Есепті кезеңде 1 002 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 50,7 млрд теңгенің 304 жобасы мақұлданды. «Атамекен Қостанай» МҚҰ өңірлік бағдарламасы аясында 2 млрд теңгеден астам сомаға 379 жобаға қолдау көрсетілді», - деді әкім.