01.07.2021 _ 16:40

Қостанай облысының стационарларындағы төсек-орындардың резервтік қуатын 3 есеге арттыруға болады

Пандемия басталғаннан бері Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 16 732 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта 1 111 инфекциялық төсек- орын бар, 22 стационарда 178 науқас емделуде. Жүктеме - 16%, бірақ қажет болған жағдайда төсек-орын саны 3 мыңға дейін артуы мүмкін. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ағымдағы жағдай туралы баяндады.



Оның айтуынша, облыстың дәріханалары мен стационарларында дәрі-дәрмек пен ЖҚҚ-ның екі айлық қоры бар. Мониторинг топтары белсенді жұмыс істеуде. Вакцинация жүргізіледі. 


«Оған 93 стационарлық және жылжымалы егу пункттері қатысады. Емханалардан басқа, жеке егу кабинеттері ашылды. Бірінші компонентпен 138 мыңнан астам адам және екінші компонентпен 83 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап облыста «Ashyq» мобильді қосымшасының жобасы іске қосылды. Бүгінгі күні жоғарыда аталған жобаға қатысуға 596 өтінім қабылданды, оның ішінде 558 кәсіпорынның QR кодтары алынды, 486 кәсіпорын толыққанды режимде жұмыс істейді», - деп түйіндеді спикер.