02.07.2021 _ 13:50

Оңтүстік облыстарда онкологиялық ауруларды, соның ішінде колоректальды қатерлі ісікті анықтау неге төмен?

Колоректальды скрининг - Қазақстанда жүргізілетін алты популяциялық скринингтің бірі. КРР-онкологиялық аурулар құрылымында 3-ші орында, сондай-ақ онкологиялық аурулардан қайтыс болу құрылымында 3-ші орында. 2020 жылы КРР ауруының 3117 жағдайы тіркелген, 1504 адам көз жұмды. «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» интервенциялық радиологиямен эксперттік эндоскопия орталығының жетекшісі, жоғары біліктілік санаттағы эндоскопист-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ эндоскопия қоғамы» БҚ төрағасы Қанат Батырбековосындай мәліметтерді келтірді.


2011 жылдан бастап Қазақстанда симптомсыз обырды белсенді түрде ерте анықтау және оны одан әрі емдеу мақсатында колоректалды қатерлі ісік скринингі енгізілді. Скрининг симптомдары жоқ 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде 2 жылда 1 рет жүргізіледі. 


Арнайы бұйрықта дәрігердің, медбикелердің іс-қимыл алгоритмі, қолданылатын жабдыққа дейін көрсетілген. 


«Біз жақында жетекші онкологиялық орталықтардың бірі ретінде талдау жүргіздік. Денсаулық сақтау басқармалары арқылы эндоскопистер мен клиникаларға есеп беру нысандары барлық аймақтарға жіберілді. Олар барлық жерлерде бейнеэндоскоптар пайдаланылмайтынын анықтады. Оңтүстік облыстарда онкологиялық ауруларды, соның ішінде колоректальды қатерлі ісікті анықтау неге төмен? Салыстырып қарасақ: мысалы, 3 млн халқы бар Оңтүстік Қазақстанда 16 мың эндоскопиялық зерттеу жүргізілген, оның ішінде 280 колоноскопия, есепке 24 клиника қатысты. Тек 7 клиникада ғана бейнеэндоскоптар бар. Ал 800 мың тұрғыны бар Қостанай облысында 26 мың зерттеу жүргізілген, шамамен 3 мың колоноскопия жасалған, есепке 17 клиника алынды. Барлық клиникаларда бейнеэндоскоптар бар. Сондықтан, жабдық неғұрлым жақсы пайдаланылса, дәрігердің шеберлігі соғұрлым жақсы болады, олар ішек шырышты қабығын мұқият қарап, аденоманы анықтайды», - деді спикер.