02.07.2021 _ 14:00

Эндоскопистер көп адамның өмірін сақтап қалды. Қазақстанда тегін скринингтің арқасында онкопатологиялар ерте сатыда анықталады

Пандемия онкологиялық ауруларды емдеуде және диагностикалауда маңызды рөл атқарды. Ішкі шекаралардың жабылуына байланысты жетекші онкологиялық орталықтарға жету мүмкін болмады. Бірақ коронавирустық инфекциясы бар науқастар кеуде қуысының компьютерлік томографиясына жіберілгендіктен, бұл өкпе ісіктерін ерте кезеңдерде және басқа да ауруларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сарапшылар мәлімдеді. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың көпсалалы хирургия орталығының аға ординаторы Алтай Керімқұловтың сөзін Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың интервенциялық радиологиясы бар сараптамалық эндоскопия орталығының меңгерушісі, жоғары санатты эндоскопист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақ эндоскопия қоғамы» ҚБ президенті Қанат Батырбеков растады.


«2011 жылы енгізілген скрининг қатерлі ісік патологиясын анықтауға ғана емес, сонымен қатар қатерлі ісікке дейінгі, соның ішінде ішектің қабыну ауруларын анықтауға арналған. Сондықтан эндоскопиялық зерттеулерден өткен пациенттердің көпшілігін біз гастроэнтерологтарға, колопроктологтарға жібереміз. Мұның айтарлықтай әсері бар, өйткені ауру ерте анықталады. ТМД елдері арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып барлық тұрғындар үшін тегін скрининг енгізгенін мақтан етемін. Бізге қарағанда, Ресейде бұл скрининг әлі күнге дейін Ұлттық бағдарламада жоқ. Жекелеген облыстарда пилоттық жоба ретінде бар. Украина өткен жылы ғана қолға алды және олар мұны үлкен жетістік деп санайды. Біздің эндоскописттеріміз көп адамның өмірін сақтап қалды», - деді сарапшы.