02.07.2021 _ 15:40

Ұлттық құрама спортшылары Токио Олимпиадасына 27 спорт түрінен 96 лицензия жеңіп алды

Халықаралық олимпиада комитеті гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру шеңберінде биылғы ойындардың салтанатты ашылуы шеруінде спорттық командаларда екі ту ұстаушы болады деп шешім қабылдады. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының олимпиадалық делегациясының мүшелерімен кездесіп, ту ұстаушылар Қамшыбек Қоңқабаевқа және Ольга Рыпакова ел туын табыс етті. Ұлттық құраманың спортшылары Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға 27 спорт түрінен 96 лицензия жеңіп алды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан спортшыларды сапалы дайындау және олардың табысты өнер көрсетулері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, Ұлттық Олимпиада комитеті, спорттық федерациялармен бірге Халықаралық Олимпиада комитеті мен ойындарды ұйымдастыру комитетінің барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау бойынша кешенді шаралар қабылданды. Бүінгі күні спортшылардың Олимпиадалық ұлттық құрамы карантиндік шараларды сақтай отырып, жолға дайындалуда», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте.