06.07.2021 _ 10:40

Жоба продюсері Игорь Кобзев: «Qazaq: history of the golden man» - фильм лайықты жоба болмақ. Біздің бұл жерден көргеніміз - бүкіл әлемге ұнайды

«Qazaq: history of the golden man» деректі фильмінің продюсері Игорь Кобзев Орталық коммуникациялар қызметінде фильмнің тұсаукесер көрсетіліміне дейінгі баспасөз-маслихатында сөйлеген сөзін түсірілім кезеңінде көмектескен қазақстандықтарға алғыс айтудан бастады. Оны аз зерттелген коронавирустық инфекциядан құтқарған дәрігерлерге ерекше ризашылығын білдірді.
Жоба продюсері Игорь Кобзев: «Qazaq: history of the golden man» - фильм лайықты жоба болмақ. Біздің бұл жерден көргеніміз - бүкіл әлемге ұнайды


«Бірінші кезекте, түсірілім кезінде осы картинаны түсіруге көмектескен қазақстандықтарға «рахмет» айтқым келеді. Біз әдемі, қонақжай адамдармен таныстық, біз керемет елмен танысып, тәнті болдық. Мен үшін бұл ел екінші Отаным десе де болады. Себебі түсірілім барысында ауруға шалдықтым, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері болмаса, бүгін осы жерде отырмас едім. Сондықтан оларға үлкен ризашылығымды білдіремін. Әрине, сіздердің болашағыңыз зор, бұл керемет ел, дарынды жастар көп екенін атап өткім келеді. Біз олардың әлем бойынша көк туды қалай көтеріп жүргендерін, айналада жасалғанның, салынғанның бәріне мақтанышпен қарайтындарын көрдік», - деді жоба продюсері.


Ол сондай-ақ түсірілім тобы жұмыс істеген жағдайларға, деректі фильмнің перспективасына да тоқталды.  


«Біз елдеріңіздің дамуы да қарқынды болатынына сенімдіміз. Біз осында өткізген уақытты қуанышпен еске алатын боламыз. Тұңғыш Президент Қоры мен баспасөз қызметінің басшысы Айдос Үкібаевқа осы елдегі жұмыста көрсеткен көмегі үшін жеке алғысымды білдіргім келеді. Бізге барлық жағдай жасалды, ешқандай шектеулер болған жоқ, біз жұмысымызды өзіміз қалағандай және ойлағанымызды түсірдік. Фильм барша әлем тамашалайтын лайықты жоба болады. Оны бәрі де көреді, біздің мұнда көргеніміз бүкіл әлемге ұнайды деп сенеміз. Адамдар көп көп келетін болады. Олар да біз сияқты осы елмен танысады», - деді спикер.