08.07.2021 _ 14:10

UStudy жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихан барысының ашықтығын арттырады

Кейбір азаматтар теориялық емтихан тапсырудың амалдарын іздейді, бұл құпия емес. Мысалы, емтиханға басқа адам кіреді, әртүрлі гаджеттер мен басқа да іс-әрекеттер жасауға тырысады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында Алматыда Ustudy-мен бірлесіп теориялық емтихан тапсырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин жүйенің қыр-сырымен таныстырып өтті.
24.kz


Бұл пилоттық жоба емтихан сыныбына кірген кездегі металл детектордан, аудио, бейнетіркеуден, биометриялық сәйкестендіруден, сондай-ақ «жіңішке клиент» технологиясынан тұрады. 


«Пилоттық жоба қолға алынғаннан кейін Алматыда емтихан тапсыруға өтініштер саны күніне 6 есеге 532-ден 88-ге дейін, ал сәтті тапсырылған емтихандар үлесі 36,6%-дан 15,5% - ға дейін 2 еседен аса төмендегеніне назарларыңызды аударғым келеді. Ағымдағы жылдың маусым айының соңында мұндай жоба Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылды. Жыл соңына дейін бұл жобаны Қазақстан бойынша енгізу жоспарланып отыр», - деп атап өтті спикер. 


Емтихан тапсыратын сыныпта әрбір тестіленушінің жұмыс орнына камералар орнатылған, ал оператор ахуалдық орталықта болып жатқан барлық жағдайды нақты уақыт режимінде бақылай алады. 


Технологиялар «көмекшілер» сияқты тағы бір өзекті мәселені шешуге көмектеседі. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап елордада пилоттық жоба іске қосылды, онда азаматтар автокөлікті қайта тіркегеннен кейін қалауы бойынша сақтандыруды тікелей оператордан ресімдей алады. Мемлекеттік корпорация бұл сервистен табыс алмайды, тек автокөлік иелері үшін қолайлы жағдай жасауға ниетті.  


Жоба сәтті болған жағдайда Қазақстан бойынша басқа филиалдарда қолға алынады. Бүгінгі таңда 335 сақтандыру полюсі рәсімделді. 
12 шілдеден бастап пилоттық жоба Алматыда жүзеге асырылатын болады.