08.07.2021 _ 16:10

Шілде айының бірінші аптасында 1682 бала КВИ жұқтырған - ДСМ

Жыл басынан бері 28 267 бала коронавирустық инфекциямен ауырды, оның ішінде 54 жаңа туған нәресте. Ал шілде айының жеті күнінде балалар арасында 1682 жағдай тіркелді. Мұндай мәліметтерді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова келтірді.
иллюстративное фото с сайта rg.ru

 
«Бұл көрсеткіштер меншікті салмақта балалар арасында сырқаттанушылық көбейгенін және жыл басына, әсіресе өткен жылға қарағанда балалар ковидпен жиі ауыра бастағанын көрсетеді. Айта кетейін, балалар көбінесе жеңіл және симптомсыз түрде ауырады - бұл 84% және шамамен 16% орташа ауыр жағдайда болады», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.  


Бұған балалар ауырып қалмас үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырмаған ересектер кінәлі ме? Осы екеуінің арасында байланыс бар ма? Журналистер спикерден осы жайлы сұрады. 


«Бұл өзара байланысты жағдайлар. Өйткені, 60% ұжымдық иммунитет туралы айтқанда, бұл іс жүзінде ересек қазақстандықтарға қатысты. 18 жасқа дейін вакцинацияланбаған балалар саны шамамен 6 миллион. Балаларымызды қорғау және ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін ересектер вакцина жасатуы керек. Балалар мен жүкті әйелдер жасай алмайды, бұл топ біз үшін өте маңызды. Біз – ересектер вакцинациядан өтіп, қандай да бір себептермен егіле алмайтындарды қорғауымыз керек», - деп жауап берді А.Есмағамбетова. 


Айта кетейік, вакцинадан кейін КВИ жұқтырғандар саны ел бойынша 2212. Оның ішінде «Спутник V» – 2024, «QazVac» – 40, «HayatVac» – 140, «CoronaVac» – 6. Бұл өте төмен көрсеткіштер – COVID-19 қарсы екпе салдырған  4 миллион адамның 0,05% ғана.