09.07.2021 _ 12:10

Әлеуметтік төлемдердің өсу проценті АЕК пен және күнкөріс деңгейіне байланысты – А.Ниязов

Еңбек министрлігі қазіргі қиын кезең мен қазіргі әлеуметтік мүмкіндікке байланысты кедейлік шегі мөлшерін өсіруді ұсынды ма? Неліктен Қазақстанда осыншалық қымбатшылыққа, пандемияға, экономикалық салдар жағдайларына қарамастан әлеуметтік төлемдер мен жалақы мөлшері, АЕК ұлғаймай отыр? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов журналистің осындай сұрағына жауап берді.

«АЕК-тің өсуі әр жылы экономика министрлігі тарапынан ұсынылатын инфляциялық дәліздің орта шамасы ретінде белгіленеді, инфляция деңгейі 4-6% деңгейінде қарастырылса, АЕК өсімі 5% құрайды. Осы негізде АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі жыл санап 5% артады. Әлеуметтік төлемдердің барлығы АЕК-ке байланған. Кейбірі күнкөріс деңгейіне қатысты. Бұл жерде әлеуметтік төлемдердің өсу проценті осы АЕК-тің және күнкөріс деңгейінің инфляциялық орташа дәлізіне көшуіне орай көтеріледі. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері – кедейлік шегі мен отбасы табысының айырмасы түрінде беріледі. Отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады. Атаулы әлуметтік көмектің критерийін өсіруге келетін болсақ,  бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Оның барлығы экономикалық мүмкіндігімізге байланысты», - деді спикер.  


А.Ниязов қазіргі кезде министрлік әзірлеп жатқан Әлеуметтік кодекс жобасында да бірнеше тәсілдер қарастырылғанын атап өтті.