09.07.2021 _ 14:00

ҚМ: Құрылған әскери білім беру жүйесі әскери сала маманының мансаптық өсуінде дәйекті модель жасауға мүмкіндік береді

Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж (Щучинск қ.) 3 мамандық бойынша толық емес орта білім негізінде техникалық, кәсіптік білім беру бағдарламалары аясында кәсіпқой сержанттар дайындайды. Атап айтқанда, «Мотоатқыштар бөлімшелерін басқару»; «Зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару»; «Танк бөлімшелерін басқару». Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев мәлімдеді.
ҚМ: Құрылған әскери білім беру жүйесі әскери сала маманының мансаптық өсуінде дәйекті модель жасауға мүмкіндік береді

 

«Сонымен қатар, Қарулы күштерді кәсіпқой сержанттармен жасақтау мәселесін шешу үшін ағымдағы жылғы 9 ақпанда Үкімет қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж болып қайта аталды. 
Әскери колледжде негізгі орта білім беру базасында (орта мектептің 9-шы сыныбынан кейін) 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен мынадай 4 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады: «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар»; «Қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету»; «Инженерлік бөлімшелерді басқару»; «Радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпсіздік әскерлері бөлімшелерін басқару». Құрылған әскери білім беру жүйесі әскери сала маманының мансаптық өсуінде дәйекті модель жасауға мүмкіндік береді», - деді ҚМ басшысының орынбасары.