09.07.2021 _ 15:50

Үкімет қаулысымен Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары бекітілді

ӘКШ ұсынымдарын тиімді орындау мақсатында 2021 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова хабарлады.
фото gov.kz

«Жоспарда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою, адам саудасы құрбандарының, мүгедек азаматтардың және азаптаулар құрбандарының құқықтарын, сондай-ақ бірлесу және өз пікірін білдіру бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және т. б. қарастырылған. Мысалы, әйелдердің еңбегін қолдануды шектейтін жұмыстардың тізімін алып тастау, Қылмыстық кодекстің 131-бабын қылмыстық сипаттан арылту мәселесін пысықтау және т.б. ұсынымдар», - деді Ахметова. 


Жоспар Президенттің «ҚР-ның Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығын іске асыру үшін қабылданды. 


Аталған Жоспар кейіннен неғұрлым өзекті мәселелер бойынша адам құқықтары саласындағы шаралармен толықтырылатын болады.