09.07.2021 _ 16:00

Қазақстан БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер ұсынымдарының 87% қолдады

Брифинг барысында әділет вице-министрі Ақерке Ахметова ұсынымдар азаматтық қоғамның қатысуымен қаралып, өткен жылдың маусым айында оларды іске асырудың 2020-2024 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспары бекітілгенін хабарлады. Жоспар 18 бөлімнен тұрады және жалпы 77 іс-шараны қарастырады.

«Ұсынымдарды іске асыру барысын азаматтық қоғамның қатысуымен талқылау тұрақты негізде жүргізіледі. Соңғы екі жылда 214 ұсыныстың азаматтық қоғам көтеретін өзекті мәселелер бойынша 42-сі орындалды. Қалғаны бойынша жұмыстар жалғасуда. Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, ол ұзақ мерзімді перспективада азаматтық қоғамды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды», - деп атап өтті спикер. 


Бұдан басқа, 2021 жылдан бастап заңнамалық түзетулер күшіне енді, қоғамдық кеңестер саласындағы уәкілетті орган айқындалды және қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау бойынша өкілеттіктер берілді.