09.07.2021 _ 16:30

Қазақстан азаматтардың құқықтары мен бостандығының сақталуына баса назар аударады – ӘМ өкілі

Қазақстанда адамның негізгі құқықтары және еркіндіктрі саласындағы халықаралық міндеттемелер несімен ерекшеленеді және қалай орындалып жатыр? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинте Әділет министрлігінің өкілдеріне осындай сұрақ қойылды. ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директоры Әлия Ехласованың айтуынша, елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап азаматтардың құқықтары мен бостандығының сақталуына жеке мән беріліп келеді.



«Әрбір демократиялық мемлекет адам құқықтарын құрметтеуге, оларды қатамасыз етуге және бұзбауға міндеттенеді. 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады, онда адам құқықтары мен бостандығын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етілді. Қазақстан халықаралық деңгейде адам құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық шарттарды ратификациялаған. Ең алдымен, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билль және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті, сондай-ақ азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі пакті ратификацияланды. Халықаралық шарттардағы міндеттемелер ішкі заңнама шеңберінде тиімді жүзеге асырылуда.  Мысалы, аталған міндеттемелер шеңберінде 2013 жылы Ұлттық алдын алу тетігі құрылды», - деді ӘМ өкілі өз жауабында.