Оның айтуынша, 2020 жылдың наурыз айында балалар құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицид мәселелерін шешу бойынша Жол картасы қабылданды.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін заң күшіне енді. Жәбірленушілермен татуласу алынып тасталды. Кешірім және мерзімінен бұрын босату құқығынсыз 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған», - деді спикер құқық қорғау қызметінің басымдықтарына тоқтала отырып.
Сонымен қатар, 2022 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялауды аяқтау жоспарлануда. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда.