12.07.2021 _ 11:50

Шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарымен 71 меморандумға қол қойылды

Әртүрлі мәліметтер бойынша шетелде 5-7 млн этникалық қазақтар тұрады. Олардың нақты санын айқындау үшін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді.

«Отандастар қоры құрылған сәттен бастап шетелдегі қазақтарды біріктіретін ұлттық мәдени орталықтарды түгендеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыстарға СІМ мен еліміздің елшіліктері де үлес қосты. Бүгінде әлемде 250-ге жуық қазақ мәдени орталығы бар. Оның 150-і белсенді жұмыс істеуде. Олардың барлығымен байланыс орнатылып, 70-тен астамымен өзара ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойды», - деді Сарбасов.  


Сонымен қатар, 2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Abai Uіi» қазақ мәдени-іскерлік үйі» жобасы іске асты. Қазіргі кезде жоба шеңберінде шетелдегі қандастардың мәдени –гіманитарлық және іскерлік байланыстарды дамыту, білім бері, спорт және т.б. салалардағы түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.  


Былтыр «Abai Uіi» Омбы, Ташкент, Стамбұл, Берлин, Киев қалаларында ашылды. Биыл жыл соңына дейін қазақтар көп шоғырланған Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында,  Ресейдің Астрахань қаласында және Қырғызстанның Бішкек қаласында ашу жоспарланған.