12.07.2021 _ 12:00

Әлемдегі қазақтардың қатысуымен 33 іс-шара және 6 жоба ұйымдастырылды

2019 жылы «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен шетелдерде 5 мыңнан астам адамды қамтыған әртүрлі 20 жуық іс-шара өткізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді. 2020 жылы әлемді жаулаған пандемия салдарынан барлық жоблар онлайн форматқа көшіріліп, 13 іс-шара және 6 жоба ұйымдастырылды. Нәтижесінде 6 мың адамды қамтыған жобалар болды.
иллюстративное фото с сайта ktk.kz

«2021 жылы пандемияға, шекаралық шектеулерге байланысты онлайн шаралар жалғасын тапты. Биыл 6 айдың ішінде 20 онлайн кездесу мен іс-шаралар өткізілді. Оның бәрі 6-7 мың адамды қамтыды. 2019 жылы шетелдегі 150 отандастың қатысуымен «Отандастар: болашаққа бағдар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырыды. Мақсаты – шетелден келген ағайынның ұсыныстарын талқылап, пікірлерін біліп, осы жұмыстарды жалғастыру бағыттары айқындалды. Осы ұсыныстар негізінде бүгінде жұмыстар жүргізілуде», - деді Сарбасов.