12.07.2021 _ 13:50

2023 жылы импортқа тәуелділікті азайту және ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен 100% қамтамасыз ету бойынша жоспарланған қуатқа шығуымыз керек – Қ. Өскенбаев

Қазақстандық өндірушілер ішкі нарықтың базалық құрылыс материалдарына - бетонға, цементке, қабырға материалдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді. Отандық зауыттардың арматура өндірісінің қолданыстағы жобалық қуаты 1,9 млн тоннаны құрайды, жыл сайынғы ішкі қажеттілік – 1,2 млн тонна. Алайда, сынықтардың жетіспеушілігіне байланысты зауыттар ішкі нарықты тек 60% қамтамасыз етеді. Бір ірі кәсіпорын, 11 орта және 276 шағын кәсіпорын кірпіш өндіреді. Бірақ олар ел ішіндегі қажеттіліктің тек 62%-ын ғана өтейді. Өткен жылы өндіріс көлемі шамамен 2 есеге артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта rbc.ru

 
Оның айтуынша, кірпіш импортының артуы да байқалады. Бұл ішкі нарықта тұтыну көлемінің күрт өсуіне байланысты. Отандық өндіріс үлесін арттыру үшін 2022 жылдың соңына дейін олардың өндірісін жылына 440 млн данаға дейін арттыру көзделген. 


«Импортқа тәуелділікті төмендету және құрылыс материалдары бағасының күрт ауытқуын болдырмау мақсатында министрлік 2021-2025 жылдарға арналған құрылыс индустриясын дамыту бойынша бағдарламалар қабылдады. Біз келесі 5 жылға құрылыс материалдарына деген қажеттілікке толық талдау жүргіздік. Бірінші кезекте, импортталатын материалдарды бөліп, олар бойынша 360 млрд теңге сомасына 22 жоба дайындады. Аталған зауыттардың құрылысын 2021-2022 жылдары салуды жоспарлап отырмыз және 2023 жылы импортқа тәуелділікті азайту және ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен 100% қамтамасыз ету бойынша жоспарланған қуатқа шығу көзделген», - деді ведомство өкілі жоспарларды іске асырудың басты құралына тоқтала отырып.