12.07.2021 _ 14:20

Қымбаттаған жобаларды оңайлатып түзету алгоритмі

Құрылыс шығынға ұшырады ма? Бұл сұрақ қазіргі кезде іске асырылып жатқан нысандар бойынша туындайды. ИИДМ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп осы жобаларды оңайлатып түзету алгоритмін мақұлдады. ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, мердігерлік ұйымдардың пікірінше 10%-дан астам қымбаттаған нысандар тізімі жасалды. Барлық жұмыстар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін орындалған жұмыстар актісімен бекітілді.


«Жергілікті атқарушы орган өтінімді осы жоба бойынша қаржы аудитін жүргізуге ішкі аудит комитетіне жібереді. Комитет бюджет заңнамасының сақталуы тұрғысынан қаржылық аудитті жеделдетілген тәртіппен жүргізеді. Бұдан басқа, осы комиссияның жұмысына қатысатын және орындалған жұмыстардың нақты көлемін тіркейтін жергілікті атқарушы органдардың МСҚБ мамандарының тізімі жасалды. Қаржы министрлігі мен әкімдік бюджеттік өтінімді және қаржы аудиті актісін алуына қарай осы жобаларды РБК қарауына шығаратын болады. Жобалау-сметалық құжаттаманы қайта есептеу конструкциялық және техникалық шешімдерді өзгертпей, сметалық бөлік бойынша ғана жүргізіледі. Жобадағы қалған параметрлер өзгеріссіз қалуы керек. Бірақ бұл жерде мен нарықтың қатысушыларына түзету бұзушылықтар анықталмаған жобалар бойынша ғана жүргізілетінін ескерткім келеді. 10%-дан аз болған жағдайда, мұндай жобалар да қарастырылмайды», - деп атап өтті бірінші вице-министр. 


Түзетілетін жобалар үшін ішкі мемлекеттік аудит комитеті және құрылыс істері комитеті жобалардың аудиті мен сараптамасын барынша қысқа мерзімде жүргізетін болады. Құрылыс нарығының барлық қатысушыларына арналған толық нұсқаулықпен жадынама дайындалды. 


Осылайша, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін тұрғын үй нарығындағы бағаны ұстап тұру және құрылыс материалдарының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда.