13.07.2021 _ 11:40

Жылына 500-ге жуық жаңа стандарт әзірленеді - сауда және интеграция министрі

Өткен жылы Сіз елде 8800 ұлттық стандарт қабылданды деп мәлімдедіңіз, олардың жартысы талап етілмегендіктен, бизнес іс жүзінде жүзеге асырмайды. Осы кезеңде стандарттарды өзектендіру бойынша қандай жұмыстар жүргізілді? Ережелерді сақтамайтын кәсіпкерлерге қатысты қандай да бір санкциялық шаралар қолданыла ма? Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда және интеграция министрінен сұрады. Бақыт Сұлтанов стандарттар – ерікті іс деп жауап берді.

«Біз ЕАЭО ұлттық заңнамасына сәйкес жұмыс істейміз және 80%-ы біздің елдеріміз сертификаттау жүйесінде қабылдайтын ұлттық МЕМСТ-ке сәйкес. Сапа қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін жауапкершілік, әкімшілік жауапкершіліктер қатарстырылған. Бізде арнайы стандарттар қоры бар. Өткен жылы стандартты пайдаланудың 37%-ы 50% - ға жетті, бірақ бұл жерде тұрақты жұмыс мемлекет тарапынан осы қорды қалыптастыруды қамтамасыз етуге, кәсіпкерлердің негізінде жаңа өнімді құруға және халықаралық нарықтарда бәсекелесуге негіз болатын базаның болуына байланысты болып отыр. Біз өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2021 жылы осы жұмысты аяқтап, стандарттардың кейбір түрлерін қайта ресімдеу бойынша ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз. Жылына 500-ге жуық жаңа стандарттар әзірленеді», - деді ведомство басшысы. 


Яғни, әлемдік стандарттар біздің жүйеге көшіріледі. Министр биыл стандарттардың жаңа жүйесі қабылданатынын жеткізді. Кәсіпкерлер үшін терең зерттеу жүргізілді. Бұл олардың өнімдерін бәсекеге қабілетті ету үшін жақсы нұсқаулар беруге септігін тигізеді.