14.07.2021 _ 15:50

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі - Р. Қожапова

Қазақстанда вакцинация қарқыны артты. Күн сайын елімізде 100 мыңға дейін адам егіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова хабарлады.
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі - Р. Қожапова фото с сайта freepik.com

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 7,1 млн адам егілді, оның ішінде 4 601 830 адам бірінші компонент алды, бұл егілуге тиісті халықтың 46,5%-ын құрайды. Екінші компонентпен 2 541 853 адам егілді. Егу пункттерінде вакцинаның мөлшері жеткілікті: бірінші компоненттен шамамен 753 мыңы және екінші компоненттен 1 млн 280 мың доза бар. Вакцинация - жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі. Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, жақын арада егу пунктіне барып, мүмкіндігінше, вакцина алуға шақырамын»,- деді Р.Қожапова.