15.07.2021 _ 11:50

Қайта жазу және жеңілдету. Электрондық үкімет платформасында қандай өзгерістер болады?

Мемлекеттік қызметтерді монополиясыздандыру- бұл бірінші қадам, Келесі қадам - «ҰАТ» АҚ тән емес қызметтерін нарыққа беру. «Біз мемлекеттік бұлт операторы ретінде боламыз. Базалық құралдарды ұсыну, Ақпараттық жүйелерді әзірлеу - қазақстандық IT нарығымен жүзеге асырылуы тиіс» , - деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2021 жылдың басында мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ Kaspi Банктің мобильдік қосымшасында автокөлікті есепке қою және алу қызметі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. ЖК ашу, сандық ипотека - телефонда да қолжетімді.


«Жыл соңына дейін eGov порталын қайта жазу жоспарда бар. Өкінішке орай, оның ыңғайлылық пен пайдаланудың қарапайымдылығы, ақпаратты іздеу, соның ішінде бірнеше қызметті қамтитын жағдайлар қағидаттарын пайдалану тұрғысынан ескірілгенін бәріміз түсінеміз. Егер пәтер сатып алу туралы айтатын болсақ, бұл бірнеше блоктан тұратын жағдай. Өкінішке орай, қазір бұл жеке мемлекеттік қызметтер және әрқашан байланысты емес. Сондай - ақ, біз мемлекеттік қызметтерді сыртқы танымал платформаларға шығаруды жалғастырамыз», - деп қорытындылады спикер.