16.07.2021 _ 12:00

Кедергісіз. ПИК басшылары, құрылыс салушылар және МИБ пен ЖС келуіне кедергі келтіріп отырған басқа да тұлғалар жазалануы мүмкін

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, басқару нысанына дауыс беруді ақпараттандыру объектілері арқылы жүргізуге болады. Бүгінгі таңда Қазақстанда үйлерді басқару бойынша 10-нан астам ақпараттандыру объектісі жұмыс істейді, олардың кейбіреулері онлайн-режимде дауыс беруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков хабарлады. Дауыс беру рәсімін жеңілдету үшін заң жобасында жазбаша сауалнама жүргізу мерзімін ұлғайту, қаржы мәселелері бойынша кворумның міндетті шегін төмендету, онлайн дауыс беру кезінде электрондық қол қою тәсілдерін кеңейту бойынша салалық заңға өзгерістер енгізіледі.


Бұдан басқа, ИИДМ Әділет және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп egov порталында, сондай-ақ «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында электрондық түрде МИБ-ті тіркеуге өтінім берудің онлайн-рәсімін пысықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. 


«Қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңа түзетулерге қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Әділет министрлігіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ұсыныстар жібергенін атап өткім келеді. Бұл тапсырыс берушінің (құрылыс салушының), ескі басқару органдарының МИБ-ті тіркегеннен немесе ЖС құрылғаннан кейін үй бойынша қажетті құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша ұсынбау фактілеріне қатысты. Аталған құқық бұзушылықтар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігіне көп пәтерлі тұрғын үйдің қарапайым серіктестіктеріне салық салуды реттеу жағынан салық кодексіне өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жіберілді. Осылайша, басқарудың жаңа нысандарын енгізу мүлік иелерінің мүдделерін қорғауға, кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл жалпы тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді», - деп түйіндеді ведомство өкілі. 


Айта кетейік, үйді басқару мәселелері бойынша 579 адам оқытылды, сертификаттау орталығында 258 басқарушы менеджер біліктілігін растады.