16.07.2021 _ 11:50

Ұлттық кооперативтер қауымдастығы МИБ басшыларын үйді өз бетінше басқаруға үйретеді

Бұл туралы «Ұлттық кооперативтер қауымдастығы» өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Қазыбек Шайх Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында хабарлады. Оның айтуынша, МИБ және ЖС басшыларына, сондай-ақ «ҰАК» мүшелерінің ережелерін қабылдаған ПИК және ПИТК басшыларына олардың басшыларын оқытуға, ресми сертификаттаудан және біліктілік емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі беріледі. ҰАК ӨРҰ оқу және сертификаттау орталығымен осындай келісімге келді.
фото с сайта freepik.com

«Біз өзін-өзі басқару ұйымының жаңа мүшелері үшін тегін оқытуды және сертификаттаудан тегін өтуді қамтамасыз етуге дайынбыз. Бұл реформаларды білікті адамдардың қажетті санымен қамтамасыз ету үшін маңызды. Осыдан халық пайда көреді. Өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде біз тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша қажетті, әділ, ең төмен бағалар белгілеу үшін құжаттама әзірлейтін боламыз. Жүргізіліп жатқан реформаның басты әрекет етуші тұлғалары мемлекеттік органдар болмауы тиіс деп санаймын.

Мемлекеттік органдар үйлерге қызмет көрсету сапасын бақылаумен, мониторингпен, мемлекеттік бағдарламаларды енгізумен айналысуы тиіс. Реформаларды енгізу мен ілгерілету тұрғындар мен азаматтық қоғамдастықтың бастамасы болуға тиіс. Осыған орай ПИК, ПИТК төрағаларын қолға алынған реформаларды қолдауға шақырамын. Өйткені олардың мүдделері сақталады! Олар басқарушы және сервистік компанияларға айналады. Үйге сапалы қызмет көрсетуге дайын адамдар өз мүмкіндіктерін кеңейте алады», - деді спикер. 


Оқыту және сертификаттау онлайн өтеді. Сондықтан басқарушылардың кадрлық резервін де құруға болады. Бұл жалпы үйлерді басқару мен күтіп-ұстау сапасының деңгейін арттырады. 


Үйлерді басқарудың жаңа түрлері туралы толық ақпаратты Телеграм боттан және Suraqtar.kz сайтынан алуға болады.