16.07.2021 _ 12:10

Соттар жосықсыз құрылысшылармен дауларда МИБ-терді қолдайды

Паркинг сатылды, техникалық қабатқа адамдар қоныстанды, қызметтік үй-жайлар қайта жабдықталды. Меншік иелері бірлестігін рәсімдеу кезінде жаңа ғимараттардың тұрғындары осындай жағдайлармен күресуге мәжбүр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг сарапшыларының айтуынша, мәселе шешілуде. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ әдіснама департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов 2019 жылғы Заңмен құрылыс салушы-тапсырыс беруші құрылыс аяқталғаннан кейін, объектіні пайдалануға бергеннен кейін 30 жұмыс күні ішінде барлық жобалау-сметалық құжаттаманы жаңадан құрылған басқару органдарына беруі тиіс екендігі нақты белгіленгенін түсіндірді.
фото с сайта freepik.com

«Бұдан басқа, тапсырыс беруші-құрылыс салушыларға кондоминиум объектісін тіркеу міндеті жазылған, яғни пәтерлерді сатып алған алғашқы меншік иелері-жеке меншік иелері пайда болған кезде құрылыс салушы өз қаражаты есебінен кондоминиумның ортақ мүлкін және үйдің астындағы жер учаскесін барлық аударымдармен кондоминиум объектілерін тіркеуді жүргізуге тиіс. Заң енгізілгенге дейін кондоминиум объектісі тіркелмеген жұмыс істеп тұрған үйлер бойынша, әрине, тұрғындар басқарудың жаңа нысанына көшкен кезде белгілі бір қиындықтарға тап болады. Бұл кондоминиумның ортақ мүлкінің құрамына кіруі тиіс тұрғын емес үй-жайларға да қатысты, бұл ретте нарықта ортақ кондоминиум объектілерін үшінші тұлғаларға жеке меншікке сатып жіберген жосықсыз құрылыс салушылар да бар. Іс жүзінде басқарудың жаңадан құрылған нысандары соттарға осы объектілерді кондоминиум объектілерінің құрамына қайтару туралы талап-арыз берген жағдайлар көп. Соттардың оң шешімдері шықты», - деп атап өтті ТКШ ҚазОрталығының өкілі, ол осы мәселеге бірнеше рет қатысып, түсініктеме берген болатын. 


Кондоминиумның ортақ мүлкі заңда жазылған - бұл баспалдақ марштары, өткелдер, эвакуациялық шығу жолдары, вентилляциялық шахталар, техникалық қабаттар. Айта кетейік, қауіпсіздіктің барлық нормалары мен талаптарын бұза отырып, техникалық қабаттарға адамдарды қоныстандыру жағдайлары жиі кездеседі. Сот көбінесе бұл мәселені меншік иелері бірлестігінің пайдасына шешетінін тәжірибе көрсетіп отыр.