23.07.2021 _ 15:50

Жақын арада үлкен көлемде жаңа вакциналар пайда болады - А. Цой

Адамдар белсенді емес вакциналарға қол жеткізе алмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның белгілі бір өндірушісіне қолдау көрсете ме? Аймақтарда вакциналардың болуы, дәлірек айтқанда олардың кейбірінің жоқтығы туралы мәліметтерге орай журналистер осындай сұрақ қойды. Оған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.
фото с сайта kaztag.kz


«Белсенді емес вакцина алу көрсеткіштері деген жоқ. Кез келген вакцина қауіпсіз және оны қолдануға болады және балалардан басқа барлық санаттарға егіледі. Вакциналардың түсуіне қарай таңдау жасау мүмкіндігі беріледі. Сондықтан вакцинаны күтіп, таңдаудың қажеті жоқ. Қолда бар вакциналар бойынша, QazVac және басқа да вакциналар бойынша барлығы өндірушілердің елімізге қанша жеткізе алатынына байланысты. Олардың бір бөлігі демеушілік көмек, бір бөлігі бөлек жеткізумен әкелінеді. Сондықтан олар үйлестіріледі», - деп түсіндірді ведомство басшысы. 


Лобби мәселесіне келетін болсақ, Цой бұл болжамдарды жоққа шығарды. 


«Менің ойымша, Сіз мұны ойдан шығардыңыз. Ел ішінде вакцина өндіру – Қазақстанның жетістігі. Әлемде, соның ішінде Спутникті жеткізу бойынша қандай жағдай қалыптасып жатқанын көріп отырсыз. Қазақстанда бұл вакцинаны өзімізде өндіру арқылы алу мүмкіндігі бар. Бұл Қазақстан үшін қосымша қауіпсіздік. Бұл өте маңызды. Басқа вакциналар да болады, қазір жұмыс істеп жатырмыз, жақын арада көресіз - басқа компаниялардың вакциналары да көптеп әкелінеді. Жұмыстар жүргізілуде. Өкінішке орай, жеткізушілер бізге қажет мерзімде жеткізе алмайды. Сондықтан біз вакцинаны Қазақстанға барынша жеткізудің әрбір мүмкін жолдарын пысықтап жатырмыз», - деп жауап берді денсаулық сақтау министрі.