23.07.2021 _ 16:20

Қосымша ақы алушы медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейтілді. Жоба талқылануда

Жоспарланып отырған өзгерістерге байланысты дәрігерлерге қандай жәрдемақы төленеді? Алушылар саны қанша болады және азая ма? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер денсаулық сақтау министрлігінің спикерлерінен сұрады. Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, тізім керісінше кеңейтілді. Бірақ ол төлем мөлшеріне тоқталмады, себебі құжат әлі пысықталуда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік бұйрық жобасын әзірледі. Дәрігерлердің санаттары анықталды. Бұл бұйрық жобасы қазір медициналық ұйымдар, денсаулық сақтау басқармалары арасында ғана емес, сондай-ақ ашық НҚА сайтында да қызу талқылануда. Ковидтік стационарларда жұмыс істейтін дәрігерлердің бірнеше санаты анықталды. Тізім кеңейтілді - бұл реаниматологтар, анестезиологтар, инфекционистер, анестезиологтар, эпидемиологтар, психологтар, БМСК әлеуметтік қызметкерлері, ядролық медицина орталығының қызметкерлері, сондай-ақ патологоанатомдар. Басқа да ұсыныстарды күтудеміз», - деп жауап берді спикер.  


Айта кетейік, тізім өңірлерден келіп түскен өтінімдердің қорытындысы бойынша кеңейтілді.