24.07.2021 _ 20:00

ҚР ҰОК Бас хатшысы: Токиодағы Олимпиада ойындарында біз үшін қазақстандықтардың қолдауы маңызды

Қазақстандықтардың қолдауы спортшыларымызға Олимпиада ойындарында өздерін сенімді сезінуге көмектеседі. Мұны Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Ұлттық Олимпиада Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков атап өтті.

«Қазақстандықтардың қолдауы өте маңызды. Себебі бос стендтерде жанкүйерлер жақын болған кезде берілетін дәл осы эмоцияларды сезіну өте қиын. Сондықтан БАҚ, біздің әлеуметтік желіні пайдаланушыларға айтарым спортшыларды қолдауды жалғастыра беру керек. Бұл біздің спортшыларға осы жарыстарда өздерін сенімді сезінуге көмектеседі», - деді Андрей Крюков.


Сонымен қатар, ҚР ҰОК Бас хатшысы Токиода әлсіз қарсыластар жоқ екенін атап өтті.


«Барлық командалар дайын, барлық спортшылар тамаша формада. Біздің команда өз өнерлерін керемет түрде және жақсы көңіл-күйде көрсетіп келеді. Бізге жанкүйер болыңыздар!»