28.07.2021 _ 11:50

БҒМ «Қазақстан мұғалімі» конкурсын өткізуге қолдау көрсетеді

Бүгінгі күні «Педагог мәртебесі туралы» заң шеңберінде мұғалімдердің мәртебесін көтеру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде әртүрлі конкурстар өткізілуде. «Қазақстан мұғалімі» конкурсын өткізу білім министрлігі тарапынан қолдау тауып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомствоның мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлімдеді.

 
Оның айтуынша, меморандумға қол қойылды, мұғалімдердің, педагогтардың арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  


«Министрлік конкурстың барлық кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсетеді, сондай-ақ, конкурстың салтанатты жабылу рәсіміне ведомство өкілдері қатысды, қазіргі кезде барлық білім беру ұйымдары осы конкурс туралы педагогтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді БҒМ өкілі.