29.07.2021 _ 12:00

Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп 30 мыңнан астам патрульдеу мен рейдтер жүргізді

Азаматтардың қоғамдық орындарда болуы және ортақ су пайдалану қағидаларының, сондай-ақ судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзу фактілерінің болуына жол бермеу мақсатында ТЖМ және ІІМ күн сайын тыйым салынған орындарда жүйелі түрде бірлескен рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп 30 мыңнан астам патрульдеу мен рейдтер жүргізді, 3 328 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Адамдардың суда мерт болуының себептері: су қоймаларына құлау, мас күйінде шомылу, жүзе алмау, балық аулау кезінде, суға батушыны құтқару кезінде, жүзу құралдарында сырғанау кезінде ережелерді бұзу болды. Өз күштерін дұрыс бағаламау салдарынан 139 адам қайтыс болды. Балық аулау кезінде ережелерді бұзу нәтижесінде 19, мас күйінде шомылға 47 адам суға кетті. Суға кетіп бара жатқан адамды құтқару кезінде 8 адам қаза тапты», - деді Сыздықов қайғылы статистиканы келтіре отырып.  


ТЖМ өкілі азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды.