29.07.2021 _ 12:10

ТЖМ өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде

Қазгидрометтің мәліметінше, шілде айында ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болған. Жауын-шашын тапшылығы өрт қаупін арттырды. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері республикада 485 орман өрті және 2000-нан астам дала өрті тіркелді. Табиғи өрттердің туындау тәуекелін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шаралары кешенін жүргізеді. Оларды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов мәлімдеді.
фото с сайта gov.kz

 

Оның айтуынша, табиғи өрттердің негізгі себептерінің 47%-ы - найзағай разрядтары, 48% - халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы және 5% - ы ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзуға және басқа да себептерге байланысты. 


«Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында республиканың іргелес 4000 елді мекенінің аумағын тазарту жұмыстары жүргізілді, 21 000 км минералданған алқаптар құрылды. Жергілікті атқарушы органдарға өрт қауіпсіздігі іс-шараларын орындау қажеттілігі туралы 2000-нан астам ұсыныс берілді. ТЖМ-нің ІІМ-мен және әкімдіктермен бірлескен топтары 9000-нан астам рейд жүргізді, нәтижесінде ормандар мен орман алқаптарында 2000-нан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды», - деп баяндады полковник. 


Орман мен дала өрті ошақтарын уақытылы анықтау мақсатында авиациялық патрульдеу жүзеге асырылады. ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.