03.08.2021 _ 12:00

«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтарды ЖОО-дан кейінгі оқыту бойынша Қазақстандағы ең ірі ұйым ретінде «Ппедагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» атты онлайн оқыту курсын әзірледі. Ол жұмыс істеп жүргендерге ғана емес, болашақ мұғалімдерге де арналған. Ұйымның басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде жоғары оқу орындарының, педагогикалық мамандықтар колледждерінің студенттерін мектептегі жұмыстың бірінші күнінен бастап цифрлық ортаға сенімді түрде ену үшін оқуға шақырды.
фото с сайта bilimdiel.kz

«Жоба ауқымды, бұрын-соңды болмаған, 500 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Оқытудың оқу жылы қарсаңында өткізілуі кездейсоқ емес. Соңғы екі жылдағы зерттеулер және пандемия кезіндегі педагогтардың құзыреттілігін бақылау педагогтардың зор ынтасы мен жанқиярлығына қарамастан, оларға АКТ құзыреттіліктері бойынша кәсіби дамуға көмек көрсету қажеттілігі бар екенін көрсетті. Педагогтардың 73% оқушыларды оқыту үшін АКТ ресурстары мен құралдарының құндылығын мойындайды, ал педагогтардың 66% АКТ мұғалімдердің кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады деп санайды. Осы курсты әзірлемес бұрын, біз 2020 жылдың қараша айында жүргізілген мониторинг деректерін зерттедік. Сауалнамаға республиканың 7000-ға жуық мектебінен 300 мыңнан астам педагог қатысты. Бұл ауылдық және қалалық мұғалімдер. Нәтижесінде ауылда әрбір төртінші, қалада - әрбір бесінші мұғалім мұғалім өз құзыреттілігінің деңгейін арттыруды қажет ететіні анықталды», - деп хабарлады спикер. 


Бағдарлама 4 модульден тұрады, онда 30-дан астам бейне материал, тесттер, интерактивті тапсырмалар, 40 дәріс пен презентация және басқа да цифрлық білім беру ресурстары бар. Курс авторлары бағдарламаны мұғалім курсты бітірген соң, сондай-ақ болашақ мұғалімдер сабақты жобалап, оның формаларын, әдістері мен мазмұнын, АКТ негізінде бағалауды таңдай алатындай етіп жасаған.