04.08.2021 _ 15:40

Эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда денсаулық сақтау министрлігі КВИ емдеу үшін қосымша 12 000 инфекциялық төсек-орын орналастыруға дайын

Төсек-орындардың толымдылығын күнделікті бақылау қорытындысына сәйкес, 4 тамыздағы жағдай бойынша олардың жартысынан көбін коронавирустық инфекция жұқтырғандар құрап отыр. 30 мыңға жуық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте медицина ғылымдарының магистрі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындықова мәлімдеді.

 
«Ағымдағы жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша елімізде 52 803 инфекциялық төсек -орын ашылған, республика бойынша қамту 56% - ды құрайды. Шілдемен салыстырғанда тартылған медициналық ұйымдар саны 326-дан 339-ға дейін артып, 10 000 төсекке ұлғайды. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орындар саны 4795 құрайды, 46%- ы бос емес», - деп хабарлады спикер.

 
Талдау көрсеткендей, төсек-орындармен қамтудың ең көп пайызы - Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қызылорда және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау және Атырау облыстарында реанимациялық төсек-орындарда жатқандар көп. Эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда КВИ емдеу үшін қосымша 12 000 инфекциялық төсек-орын, жоспарлы медициналық көмекті тоқтатпай 50 500 реанимациялық төсек-орын орналастыруға дайындық бар.