04.08.2021 _ 16:10

КВИ қарсы вакцинация - бұл мәжбүрлеу емес, жағдайға байланысты міндеттеме - М. Смағұл

Сарапшылардың пікірінше, КВИ даму тарихында үш айқын шыңдар бар. Біріншісі жабайы штамммен 2020 жылдың шілдесінде, екіншісі – 2021 жылдың наурыз-сәуірінде Альфа штаммының айналымымен байланысты және Дельта вирусының айналымымен байланысты қазіргі шың. Сондықтан, бүгінде дельтаға қарағанда қауіпті болуы мүмкін жаңа мутациялардың пайда болуына жол бермес үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұған вакцинация арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырудың арқасында қол жеткізуге болады, бірақ қазіргі кезде бұл басқаша бағаланып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді.
фото с сайта gazeta.ru


 
 
«Сондай-ақ, жиі қойылатын мәселелер – мәжбүрлеу немесе міндеттеме ретінде контекстінде вакцинацияның маңыздылығын атап өткім келеді. Бұл жағдайда, бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, вакцинацияның міндеттілігіне қатысты шешім қабылданды. Менің түсінуімше, міндеттілікті заң негізінде немесе белгілі бір нормаларға байланысты ресми түрде бір нәрсені міндетті түрде орындау ретінде қарау керек. Әдеттегі өмірімізге оралып, өміріміздің барлық салаларына әсер ететін коронавирустық инфекцияның ауыртпалығын азайтуға біз тек иммундау арқылы қолжеткізетін белгілі бір ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, ұжымдық вакцинация деңгейі кемінде 80% - ды құрауы тиіс, яғни бүгінгі күні бізге соншалықты белсенді болу қажет. Қазақстанда вакциналаумен толық қамту 21% - дан сәл ғана асады», - деді сарапшы статистикаға тоқтала отырып.  


Жағдайды тұрақтандыруға қолжеткізу және вирустың одан әрі мутациясына жол бермеу тек толық иммундау арқылы ғана мүмкін болады.