04.08.2021 _ 16:30

Әсіресе балалар ауырады. Біз оларды тек ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана қорғап, аурушаңдықты азайта аламыз - Л. Ералиева

Өмір сүру және күресу. Коронавирустық инфекция біздің өмірімізде әлі де болады. Одан қорғануды үйренуіміз керек. Біріншіден, ересектердегідей баламасы жоқ қорғансыз балаларды қорғауымыз керек. Ең алдымен не істеу керек екенін профессор, медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте айтып берді.
фото с сайта gov.kz

 
«Жаңа оқу жылы басталады. Оқушылар мен студенттер үшін ол офлайн режимде өтуі мүмкін. Бұл ретте соңғы уақытта балалар, жасөспірімдер, жастар арасында коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны артып келе жатқанын естіген шығарсыздар. Негізінен, бұл ата-аналары екпе салдырмаған отбасылардан шыққан балалар. Ересек тұрғындар вакцина алмайтын кішкентай балаларды қорғап, ауруды тек ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана азайтуға болатындығын естен шығармауы керек. Сондай-ақ, формальды түрде емес, балалар мен жасөспірімдерді аурудың алдын алудың дұрыс стандартты шараларына үйрету керек, яғни маска тағуды, қол жууды, коронавирустық инфекциядан қорғануды», - деп кеңес берді спикер.