04.08.2021 _ 16:40

Коронавирустық инфекцияның үшінші компонентімен ревакцинация қажет пе?

Инфекционист дәрігерлер мен иммунологтар, вирусологтардың пікірінше қажет болуы мүмкін. Әр түрлі санаттағы адамдар үшін әртүрлі мерзім қажет болады. Бірақ COVID-19-ға қарсы үшінші компонентті алу қажеттілігі антиденелердің деңгейіне байланысты болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген жоғары санаттағы инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева мәлімдеді.

 
 «Ревакцинация қажет пе, жоқ па, оны тек антиденелер деңгейі бойынша анықтауға болады. Антиденелер мөлшері бірліктен төмен болса, яғни нөлге дейін түссе, ревакцинация қажет болуы мүмкін. Әлі талқылануда, жақын арада біз осы сұрақтарға жауап аламыз. Басқа елдердің әдеби мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда Израильде 60-тан асқан адамдар қайта вакцинациялануда, басқа елдер әлі де ортақ шешімге келген жоқ.  Халықтың (Қазақстанның) басым бөлігі, негізінен, медицина қызметкерлері бірінші компонентпен ақпан - наурыз айларының басында вакцинацияланды, ал күзге қарай - қазан-қараша айларында олардың кейбіреуіне ревакцинация қажет болуы ықтимал. Бұл мәселе қазір белсенді түрде талқылануда, өйткені біз дәрігер ретінде иммунитетті, антиденелердің жеткілікті мөлшерін сақтауға мүдделіміз», - деп жауап берді сарапшы.