05.08.2021 _ 19:30

Бокстан бас жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев - Олимпиадада психологиялық қысым болды

Неліктен боксшылар Олимпиадада жақсы дайындықтарын көрсете алмады? Уақыт белдеуі мен климаттық жағдайлары бірдей Владивостокта дайындалса, акклиматизациядан өтсе, бұл жекпе-жектердің нәтижесіне жақсы әсерін тигізер ме еді? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жазылушылардың сұрақтары қойылды. Команданың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевтың айтуынша, ешқандай алғышарттар болмағанымен, оның өзі де осы сұрақты жиі қояды екен.

«Жігіттер бабында, олар ойындарға жалпы жақсы дайындықпен келді, спаррингтер де, жарыстар да болды, олар толық дайындық кезеңінен өтті, бірақ Олимпиадада психологиялық қысым көп әсерін тигізді. Жігіттер тәжірибелі болғанымен, нақ осы жағдай сеп болды. Ресей құрамасы Владивостокта жаттықты, бізді де шақырды. Онда көптеген шетелдік командалардың барғысы келді, карантин болғандықтан олардың бәріне рұқсат берілмеді. Біз Алматыда Ақбұлақ базасында 14 күндік карантиннен өттік. Ал мұнда 17-сі күні келдік, бірінші спортшы 27-сі күні 57 кг салмақта жұдырықтасты. Мұнда толық акклиматизациядан өттік, жақсы дайындалдық, акклиматизация тұрғысынан ешқандай проблемалар болған жоқ», - деп сендірді Кенжебаев.