05.08.2021 _ 19:40

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов: Ұтылдым деп айтпаймын. Ұттым

Мен ешқандай қарсыласты өзімнен басым деп санамаймын. Ұтылдым деп айтпаймын. Ұттым. Бұл төрешілер шешімі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов осылай деді.
фото с сайта sports.kz


«Қолдауларыңызға рахмет. Бүгінгі жекпе-жекте бірінші раундта есе жібердім. Ол жерде нокдаун санайтын соққы болған жоқ деп санаймын, есімді жоғалтқан жоқпын. Бірақ төрешінің шешімі лсыдай болды. Екінші және үшінші раундта ұтқан сияқтымын. Бар күш -жігерімді салдым», - деді спортшы.  


Сонымен қатар, ол алдағы жоспарларымен бөлісті. 


«Жоспарым, елге оралған соң мұнымен тоқтап қалмаймыз, бапкермен қателікпен жұмыс жасаймыз, алдағы жарыстарда күш-жігерімізді салып, елімізді тек қана алтынмен қуантуға тырысамыз», - деді С.Бибосынов.